25.07.2022
84
КҮНДЕЛІГІМ
Барлығы бұл күндердің-күрделі күн,
Білесің сырым көппен біргелігін.
Қағаздан өзге менің сырласым жоқ,
Барлығын сәулелендір,Күнделігім!.
Өзгедей жүргенім жоқ айламенен,
Сал менің суретімді,қайран,өлең.
Жүректің әр лүпілін сәулелендір,
Жүзімді көрсеткендей айнаменен!..
Өлеңім,жазыл, десем, жазыласың,
Жанымның қатпарынан қазыласың.
Айдай ғып ақ қағазда қалдырайын,
Жанымның көрінбейтін қазынасын!..
Өртейін жүрегімді жарық етіп,
Жағайын бояуымды қанық етіп.
Өмірден дос арттырам деп жүргенде,
Барады достарымның бәрі кетіп.