25.07.2022
106
ӘПЕНДЕЛЕУ ЕКЕМ ҒОЙ. . .
Әпенделеу екем ғой мүлде-мүлде,
Мүлде-мүлде кіршік жоқ күн-көңілде.
Жалғыз қала жаздаймын жау ішінде,
Екі ете алмай досымды жүргенімде.
Жан іздедім жанымды...
Түсінгендей,
Өлмейді адам сенімі ішінде өлмей.
Өзге жанды іздеген қандай қиын,
Өз бойыңа өзіңнің күшің келмей!..