25.07.2022
  87


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ТЕҢІЗГЕ КЕТЕМ...

Кетемін мен теңізге,
Аққуларға қараймын!
Алдарқатып өзіне,
Шақырады ақ айдын.
Серік болып жаныма,
Еретұғын кімің бар?..
Ішімдегі жалынға,
Үйтілетін түрім бар...
Отқа күйіп барамын,
Ақ емеспін-қарамын.
Сөндіресің енді сен,
Отқа басып,қарағым!
Қарындастың дауысын,
Қараңғыда табамын.
Іздей-іздей өзіңді,
Жауыр болды табаным!
Бір өзіңсің жалғанда,
Өліп барам арманда.
Шыжғырып тұр жүрегім,
Шұжық болып...маңғалда!..
Отқа түс,де-көнемін,
Суға түс,де-сөнемін!..
Уксус сеуіп алдыңа,
Тостағанда келемін!.





Пікір жазу