25.07.2022
97
ЖЕМНIҢ ҚЫЗЫ
Ақмешiттiң жолында,
Айдалада жолықтың.
Айналақтап өзiңе,
Армандайтын болыппын.
Аманбысың,Ақсәулем,
Алаңбысың,Ақсәулем!..
Сен болмасаң өмiрде,
Қараңғы iшiм,Ақсәулем.
Ойға келдiң оянсам,
Түске кiрдiң көз iлсем,
Бақытыңды аңғармай,
Қайда жүрсiң өзiң сен!..
Ақылымды Жем-өзен,
Алып кеткен тәрiздi.
Суретiңдi Рафаэль,
Салып кеткен тәрiздi...
Жүрегiмде сезiм бар,
Көкiректе көзiм бар:
Керек маған Жылыой,
Жылыойда өзiң бар!..
Ақылымды Жем-өзен,
Алып кеткен тәрiздi.
Ауылыңда жүрегiм,
Қалып кеткен тәрiздi!..
Ыстық екен Жылыой,
Қыздарының сұлуы-ой!..
Ағам өзi келер деп,
Әппақ қыздың тұруы-ой!..
Аманбысың,Ақсәулем,
Алаңбысың,Ақсәулем.
Сен жоқтықтан өмiрде,
Қараңғы iшiм,Ақсәулем!..