25.07.2022
100
ЖАМАНДЫҚ БАРДА...
Жан сырымды игеруге бол асық,
«Жүрегiмде толып жатыр қазына!»
Дұшпаныммен бара алмаймын таласып,
Мен өзiмдi түсiнбейтiн қазыға:
Биiгiме жетер ем ғой жәйлап та,
Бiрақ атқа қамшы басам борбайлап.
Жақсы адамдар қоршап жүрген аймақта,
Жаман болғым келмейдi-ақ!..
Жүрегiме болса деймiн ел ғашық,
Елiм-жұртым жатырған соң көңiлде.
Бiр жамандық жүрген кезде жер басып,
Жаманатым жетедi ғой менiң де!..
Жан сырымды игеруге бол асық,
«Жүрегiмде толып жатыр қазына...»
Дұшпаныммен бара алмаймын таласып,
Мен өзiмдi түсiнбейтiн қазыға!.