25.07.2022
  93


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Толғанған анау көк теңiз....

Толғанған анау көк теңiз,
Тұтасып жатқан аспанға.
Толқыған толқын кеудесiн,
Соғады келiп...тастарға!
Қарайды көктен қызған күн,
Қарайды көзiң қанықпай.
Жалтырап анау қыздардың,
Жатуын қара балықтай!..
Соғады толқын тастарға,
Жанымды жалағандай боп.
Қараймын қарындастарға,
Теңiзге қарағандай боп!..
Толқиды жаным сезiмнен.
(толқымай қалса...өзiмнен!..)
Қарындастардың иығын,
Сипалап тұрып...көзiммен!..
Сүйдiрген суға бетiнен,
Сұңғыла,ару,шетiнен!
Жаратқан кезде Құдайым,
Теңiз болмағаныма...өкiнем!..
Бақытты анау тастар-ай,
Суланған қара шаштар-ай!..
Адам ғып неге жараттың,
Тас қылып менi тастамай!..
Осында барлық үй,қалаң,
Ойнама,Жүрек!
Ит!
Арам!..
Көк теңiз қандай бақытты,
Осынша қызды сипаған!..





Пікір жазу