25.07.2022
  89


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Қажеттiсiң сен маған қанатымдай...

Қажеттiсiң сен маған қанатымдай,
Неге тудың қосылып жаратылмай!..
Мен сенi қызғанамын,қызғанамын,
Қолымнан бiреу қағып алатындай!..
Орта болсам тұрамын толғым келiп,
Сен отырған бұтаққа қонғым келiп.
Күн сайын ұмтыламын,ұмтыламын,
Мен де саған лайық болғым келiп!.





Пікір жазу