25.07.2022
  100


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Жанымды бүгiн толтырып кеттiң сезiмге...

Жанымды бүгiн толтырып кеттiң сезiмге,
Ақынға онысыз бар ма сән!..
Құдiреттi сөзді жазатын мынау кезiмде,
Төмен болам ғой жұлдызға қарап
алмасам!..
Егiлген кезде буамын үнсiз жасымды,
Тусын деп мәңгi от өлең.
Сықырлап нәзiк ойларға толған басымды,
Тәкаппарлықпен көтерем!..





Пікір жазу