25.07.2022
  92


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ӨЛЕҢ

Өзге бiреу өтсе иiнiне қол салып,
Құрбы қызға қарайсың сен томсарып.
Жастығыңа күйiнесiң iшiңнен,
Өйткенi сен сезiмталсың соншалық!..
Көп нәрселер көңiлiңнен кетпейдi,
Бiр ару қыз сенi арман етпейдi.
Шын берiлiп сүйер едi-ау ол сенi,
Жырың да оның жүрегiне жетпейдi!..
Жанарыңда жас тұрады мөлтiлдеп,
Өшiрейiн бұл қайғының өртiн деп,
Қалам алып,қағазыңа үңiлiп,
Столыңда отырасың сол түн көп...
Бiрақ жыр да оңай емес бiлгенге,
Өлең -өлең бола қоймас бiр демде.
Сол аруың кемпiр болып үлгiрдi,
Сен жыр жазып ұнаймын деп жүргенде!..





Пікір жазу