25.07.2022
  119


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Мұңайма,жаным,қасымда...

Мұңайма,жаным,қасымда,
Iшiңе түсер мұңайған.
Өзiңнен басқа құдай жоқ,
Сұрайын десем Құдайдан!
Мұңайма,жаным,қасымда,
Жарқылдап жүрер жақсы адам.
Өзiңнен басқа патша жоқ,
Сұрайын десем патшадан!
Мұңая берме оншама,
Саған да қиын болды деп.
Қай жаққа кетiп барасың,
Қарақат көзiң мөлдiреп!..
Жапырақ басын шайқаған,
Жылдарды қалай қайтарам!..
Тек саған ерiп жүрмес пе ем,
Туылар болсам қайтадан!..





Пікір жазу