25.07.2022
  100


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ЕРКЕМ

Қарағым, еркем,
Маралым, еркем!
Бар әнім еркем,
Бар әлім, еркем!
Алдыңнан жел боп,
Шабамын, еркем!
Өзіңді қайдан,
Табамын, еркем!
Жарық күнім-ай,
Атқан айым-ай!
Пәк жұлдызым-ай,
Бақ талайым-ай!
Жүректі саған,
Ақтарайын-ай!
Сандуғашым-ай,
Қарлығашым-ай,
Күйдіресің-ай,
Жандырасың-ай.
Шөлімді қашан,
Қандырасың-ай!
Кел десең қайда,
Келемін, еркем!
Кет десең оған,
Көнемін, еркем!
От болып отқа,
Енемін, еркем!
Қалайша сенсіз,
Сөнемін, еркем!
Алма жүзің-ай,
Айдан аппақ-ай!
Тұрмайды көзім,
Тайғанақтап-ай!
Жалынға түстім,
Жәй қарап қап-ай,
Кете алмай қойдым,
Айналақтап-ай!
Сандуғашым-ай,
Қарлығашым-ай,
Күйдіресің-ай,
Жандырасың-ай.
Шөлімді қашан,
Қандырасың-ай!
Жел болып зулап,
Барамын, еркем!
От болып лаулап,
Жанамын, еркем!
Өзіңді жар ғып,
Аламын, еркем!
Жалғыз боп қалай,
Қаламын, еркем!
Аппағым, еркем!
Арайлым, еркем!
Келер деп жолға,
Қараймын, еркем!
Жаныма сені,
Балаймын, еркем!
Жалғыз-ақ сені,
Қалаймын, еркем!
Қапастан шығып,
Бір құсым кетті.
Енді оны қалай,
Қамаймын, еркем?!.





Пікір жазу