25.07.2022
  91


Автор: Қалбай Әбдіраманов

РОМАНС

Сөндiрудi ойлама,
Сөнбейтұғын жалынды.
Көндiрудi ойлама,
Көнбейтұғын жаныңды.
Өз бетiңше мұңайған,
Қиын болар бәрiбiр.
Ең болмаса көңiлiңе,
Түйiн болар бәрiбiр.
Жасырасың несiне,
Жүрегiңдi езiлген.
Ұмытудың ауырын,
Көрiп тұрмын көзiңнен.
Сенiң көзiң қимаса,
Қоштасайын өзiм-ақ.
Оңашада мұңайып,
Отырайық азырақ.





Пікір жазу