25.07.2022
85
ОТЫЗ
Маған бақыт қарады қайдан күлiп,
Кеттi бiр қыз отызда ойландырып.
Су ығызып әкеттi қайығымды,
Бiр иiрiм басымды айналдырып!
Жырларымды қайтадан кестелеттi,
Сезiмiмнiң масағын дестелеттi.
Көңiлiмдi бiр сезiм дiрiлдетiп,
Жүрегiмдi астан да кестен еттi!
Аймалағым кеп кеттi,еркелегiм,
Мұндай шақта ақылым келте менiң,
Қайтар менiң бетiмдi! Қайтармасаң,
Мынау отқа түсiп мен өртенемiн!..
Бiр тылсым бар көзiңнiң қарасында,
Өмiрiмдi қисам да сол асылға,
Жиырмадағы жастарға өзiң үшiн,
Менiң күшiм жете ме таласуға!..
Ұнатты қыз. Ұнатса несi кеттi!
Өмiр оған сәл кейiн несiп еттi...
Отыз жаста ойланған бiзге қиын,
Басымыздан көп нәрсе кешiп өттi