25.07.2022
  138


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Бөлмеңе кеште мен жағып кеткен сол жұлдыз...

Бөлмеңе кеште мен жағып кеткен
сол жұлдыз,
Жарқырап жүрсiн кеудеңде.
Армандай менi көредi ғой деп
сол бiр қыз,
Қайтайын әр уақ келгенде...-
Бiр күлiп қойсаң шат жүремiн
күнде мен,
Түсiрмей еш уақыт еңсенi.
Майданға кiрсе жарқ ете қалсын
күн менен,
Ақынның болат семсерi!..
Өмiрiм менiң ұқсайды кейде тасқынға,
Бәленi жүрме сатып ап.-
Найзағай құсап күркiреп күннiң
астында,
Кетемiн шарт-шұрт ...шатынап!..-
Бөлмеңе кеште мен жағып кеткен
сол жұлдыз,
Жарқырап жүрсiн кеудеңде.
Армандай менi көредi ғой деп сол
бiр қыз,
Қайтайын әр уақ ...келгенде!..





Пікір жазу