АҺ,СОЛ ҚЫЗ !
Иланбаймын ерлер қатал дегенге,
Өйткенi көргенмiн қыздың қаталын.
Әлемде он екi ай жаз болар едi,
Сол қыз сөндiрмесе Күннiң шапағын!
Оның тұлғасында бар едi жылу,
Онан үркiп жұлдыз жоғалар едi.
Сонша сұлулыққа ие бұл сұлу,
Қатал болмағанда ...не болар едi!..
Қап-қара көздерiн оның көргенде,
Ойладым жұлдызды аспан шығар деп.
Сонша сөздерiме шыдам бергенде,
Ойладым жүрегi тастан шығар деп!..
Онда күз бар едi жалындырғандай,
Аппақ мойнын көрсең-құстай мысалы...
Көргендi ақылдан жаңылдырғандай,
Бар едi ол қыздың отты құшағы.
Аппақ балтырларын бiр жалаңаштап,
Сыланған кездерiн көрсең едi сен!
Сүмбiлдей шаштарын желкеге тастап,
Таранған кездерiн көрсең едi сен!..
Алғыс айтар едiң жiбек денеге,
Мынандай жiбектi тапқан адамға.
Қарғыс айтар едiң түтеп...және де,
Сондай сұлулықты жапқан адамға!..
Рафаэль болсаң да тұрған үлбiреп,
Сол қыздың суретiн сала алмас едiң.
Өйткенi ол тұрса,көзi мөлдiреп,
Сен де жайбарақат қала алмас едiң!..
Әттең мүмкiн емес сурет салуым,
Рафаэль емесiмдi жиһан бiледi.
Артық едi Мадоннадан аруым,
Өйткенi бар едi оның...жүрегi !.