25.07.2022
  123


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ЕРТЕҢІНЕ, ТАҢЕРТЕҢ...

Тойдан кейін төсекке келін кірді,
Бәрі бітті. Күйеудің “емін” қылды.
Енді қалай шығады күн көзіне,
Дүйім халық түсінді. Бәрін білді.
Қалай бетін көреді ата-ененің,
Біреу күлсе қалайша көтеремін?!.
Ел бетіне қараймын қайсы жүзбен,
Қалай ашам есігін мекеменің?!.
...Жігіт отыр малдасты құрып алып,
Қызды өлтіріп, бір өзі тірі қалып.
Кемпір мен шал далада жөтеледі,
Келін отыр есікті іліп алып...
Қатын деген ат қайдан шығып еді,
Енді бұған біреулер тігіледі.
Кеше ғана қыз еді ойнақтаған,
Бүгін кеште қайтадан бүлінеді.
Ана отырған ене де сондай болған,
Шалға тиіп мына бір... оңбай қалған.
Содан кейін туылған мына бала,
Содан кейін ана бір Домбай болған.
Көрмегендей жүр әне жылтың қара,
Ішін қара бұлардың, сыртын қара!
Бәрін біліп тұр келін, бәрін біліп,
Келгеніне бұл үйге бір түн ғана!..





Пікір жазу