25.07.2022
85
ТАЖЫМ СЕНIКI
Ұқсатам сенi шынарға,
Тағамын сенi тұмарға.
Мен тұрмаймын ғой мәңгiлiк,
Сүйiктiм мәңгi тұрар ма.
Енгiзем сенi жырға да,
Таласар Ай мен Күн ғана!
Жалаң аяқ барып,аяулым,
Алып беремiн бiр қала!..
Үрлеймiн сенi жандырып,
Таратам елге ән қылып.
Тағымды,киген тажымды,
Кетемiн саған қалдырып!..
Жамандық,саған дарыма,
Жамандық,саған дарыма!
Алақанымды төсейiн,
Мен сенiң табандарыңа!..
Лаулай бер менiң жалыным,
Керек бiр шаһар алуым.
Жер шарын егер жауласам,
Беремiн саған...жарымын!..
Жана бер лаулап,от арман,
Арамның сенен бетi арман!
Жатамын сенi сағынып,
Қайта алмай қалсам...САПАРДАН!..