ҚАРА КӨЗ ҚАРЫНДАСЫМ
Бақыт құсы басыңнан арылмасын,
Әрқашан жанымдасың!
Туған жер құрағысың,
Нұр көктем шуағысың,
Аман-сау бол,қаракөз қарындасым!..
Мен сен үшiн өмiрде қалдым аман,
Орынымнан тiктелдiм сәл құлаған.
Айналайын иiнiңнен ағып түсiп,
Шашыңнан жалбыраған!
Өз iшiмнен қызығам жалын жасқа,
Ант iшiп налынбасқа.
Рахымет қалдырған тағдырыма,
Өлең жазып жүрсiн деп қарындасқа!..
Өзiм бiлем өзiмнiң қатпарымды,
Оңашада не ойлап жатқанымды.
Себеп мiне жиырма жыл,жазып жүрмiн,
Жүректегi сендердiң хаттарыңды!
Бiр от көрсем қолыммен ысырамын,
Қырыққа келген ақынның iсi мәлiм...
Өзiң келiп, ағажан,жүр,демесең,
Қысынамын...
Татып жүрмiн бүл күнде бұйырғанды,
Жазылмастай көңiлде түйiн қалды.
Айдалаға шыққанмен айғай салып,
Кiм қайтарып бередi жиырмамды!..
Шыңға шыққан көктемнiң шынарысың,
Көңiлдiң құмарысың,
Жанымның тұмарысың,
Жиырмада неге өлiп кетпедiм деп,
Барады жылап iшiм!..