25.07.2022
  68


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ЕМТИХАН

Қазiр ару кiредi шымылдыққа,
Басады азынаулақ қыңырлыққа.
Жiгiттiң екi көзi қалыңдықта,
Арудың екi көзi туырлықта...
Ойпырмай жас өмiрдiң тәттiсiн-ай!..
Қарайды жiгiт қызға қатты сынай:
-Жеттiң бе,бақ құсым-ай, ақ құсым-ай,
Әйтеуiр тақпысың-әй, сақпысың-әй,
Әйтеуiр пәкпiсiң-әй,ақпысың-әй!..-
...Қазiр қыз қарсы келiп бұл сынаққа,
Жауап берiп шығады... бiр сұраққа:
Егер ол емтиханнан өте алмаса,
Шығу қиын болады күншуаққа...
Ақ төсенiш төсеулi бәрi бапта.
Қыз жасауы түюлi әлi қапта...
Жiгiт көзi тайқыған қыз көзiнде,
Қыздың көзi биiкте,шаңырақта...
Еркiң бар қосылғансоң оңашада,
Өлеңдi оқысаң да шала-шала.
Той бердi, некеледi.
Айғайласаң,
Ешкiм ендi түспейдi арашаға!..





Пікір жазу