25.07.2022
  77


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Мен мынау жұртқа

Мен мынау жұртқа
түсiндiре алмай жатырмын,
Көңiлiмдi сол аппақ:
Кеудемде менiң батырдың,
Өрлiгi тұр ғой қонақтап!..
Барымды қалай
айтам деп,достар,сендерге,
Көз iлмей шығам таңдарда.
Келмейдi-ақ ұйқым,
осынау қуыс кеудемде,
Өртенiп тұрған жан барда!.





Пікір жазу