БӘРIН БЕР МАҒАН...
Бәрiн бер маған,сүйiктiм,
Бәрiн бер маған,ару қыз!
Өзгенiң жанын жылытқан,
Күншуаққа да бiз зәрумiз.
Бәрiн бер маған,сүйiктiм,
Не болса бәрiн жаныңда!
Суға да бiздер зәрумiз,
Зәрумiз кейде жалынға!
Ұйқысыздыққа зәрумiз,
Зәрумiз кейде жастыққа.
Достыққа бiздер зәрумiз,
Зәрумiз кейде...қастыққа!..
Мұңайып кейде аламыз,
Бiлдiрмей бiздер басқаға.
Гүлге де бiздер зәрумiз,
Зәрумiз тауға,тасқа да...
Бәрiн бер маған,сүйiктiм,
Қолыңда бардың бәрiн бер.
Бойжеткен қыздың сезiмiн,
Азамат ердiң арын бер!..
Өмiрде кейде шаттанып,
Өмiрде кейде жылармын.
Құмармын айрылысуға,
Қосылуға да құмармын!..
Тербету үшiн жанымды,
Кетсең де мейлi жылатып.
Әйтеуiр бiр күн аяп сен,
Аларсың бәлкiм жұбатып!
Өртенiп,күйiп-жанамыз,
Өзгенiң жүрек шоғы деп.
Махаббатқа бiз зәрумiз,
Басқадан бәлкiм көбiрек!..
Жер басып жүрген пенденiң,
Өзiм деп бәрiн ұғамыз.
От алу үшiн басқалар,
Өртенiп жанып шығамыз!..