25.07.2022
140
АЯУЛЫМ
Мен сенi жақсы көрем,
Мен сенi жақсы көрем,
Шөлiркеп дидарыңа,
Мен сенсiз қақсып өлем, Аяулым!
Сағындым балалықты,
Көздерiм қарауытты,
Жолыңа қарай-қарай,
Өлеңiм шала бiттi, Аяулым!
Кетпедi, өнiп өлең,
Көз iлсем сенi көрем,
Итiң боп өмiр бойы,
Iзiңнен ерiп өлем, Аяулым!
Оқысай өлеңiмдi,
Оқысай өлеңiмдi,
Мың жылға барады ол,
Менсiнбей он өлiмдi, Аяулым!
Мұндай сәт табылмайды,
Махаббат жаңылмайды,
Қағазға жазылған сөз,
Балтамен шабылмайды, Аяулым!
Құмдарға тәнiм барар,
Жантаққа жаным барар,
Асқақтап махаббатым,
Мың жылға әнiм барар, Аяулым!