25.07.2022
124
МЕН ҚОЗЫМЫН!..
Адасқан орманынан қарағаймын,
Тасына ана таудың балалаймын.
Мен ба-а-яғы Қозымын дастандағы,
Қызына ғашық болған Қарабайдың!..
Қазақтың қойды баққан баласымын,
Шығады менiң де бiр жанашырым.
Отырған өлеңнiң де Қодары бар,
Көзiңе бастырам деп қара шыбын!..
Күтедi сол iбiлiс құлауымды,
Әкесi салып берген бұл ауылды...
Қазақтың баласымын өлең көрген,
Қай жерiңе тығасың...мынауымды!..
Қодар жүр жетпiсiнде жас болам деп,
Баянның қапталына тас болам деп.
Баян да көп мергенге, қоян да көп,
Мен тiптi жүргенiм жоқ аш болам деп!
Бiр алданған итiмдi шамалаймын,
Мен одан екi өлуге жарамаймын.
Басқа бiр поэмадан бас көтерiп,
Аламын басқа қызын...Қарабайдың!