25.07.2022
  136


Автор: Оңайгүл Тұржан

БАЛА КҮНІМ

Қара шашың – қара түнге малғандай,
Көйлегің көк – көк теңізден алғандай.
Бала күнім, жүгіресің соңымнан,
Бақытыңнан сен де адасып қалғандай.
Жетелеген арман қайда көк қасқа?
Тірлік мынау – анда-мында ап қашпа.
Бала күнім,
маған жақын келе алмай,
отырасың көк таста.
Өмір деген –
Ескегі жоқ желқайық,
Арамызды сағынышпен жалғайық.
Кете бардым мен баламды жетелеп,
Ал сен қалдың суретте сарғайып.





Пікір жазу