25.07.2022
124
НҮКТЕ
Мен өзіңсіз қарсы алдым,
көктемдерді, күздерді,
Дос жүректер бір кезде,
бір айдында жүзген-ді.
Жағалаудан жыраққа
ала қашқан кемедей,
Уақыт деген бір жүйрік,
алыстатқан біздерді.
Сыбағамыз бар еді
алдан атар таңдарда.
Сенішуі едік қалтқысыз
бізді аңсатқан арманған.
Жылдар салып араға,
жетіп едім өзіңе,
Достық деген ақ отау,
ұйқың ғана қалған ба?!
Тау болмады төбең деп,
кінәлау да бекер ғой,
Өмір мынау қым-қиғаш,
оған, сірә, жетер ме ой.
Келіп едім айдын көл,
теңіз болған шығар деп,
Айдын көлдің орнында,
шалшық қалған екен ғой.
Сағынғанда жүректің
осы ма еді күткені,
Сеніңше әлде достықтың
жеңіл ме еді жүктері.
Жанарымнан бір тамшы
тамып кетті алдыма,
Біздердегі достыққа
қойылған бұл нүкте еді.