25.07.2022
  106


Автор: Оңайгүл Тұржан

Арманға жетіп жансақ бір дедік...

Арманға жетіп жансақ бір дедік,
өлеңге шерттік сыр іштен.
Шағыл даладай шаршап бір келіп,
Айдын көлінен су ішкен.
Алдағы күнде мұрат тұрды ізгі,
Қағып бір сезім әйнегін,
Мына заман тұр сынап бір бізді,
өзгертіп күнде көйлегін.
Асқақ әуенді төгеміз әлі,
Шуағын шөлдің жұтып ек.
Қолымызға ұстап келеміз әлі,
Үмітімізді үкілеп.
Үмітсіз қалсам –
жоғалған көлі,
даладай,
қақсып төңірек.
Келе жатамын адамнан гөрі,
Көлеңкеге ұқсап көбірек.





Пікір жазу