25.07.2022
89
Баяғы арман көз iлдi..
Баяғы арман көз iлдi,
Адасып кетiп, айнадан таптым өзiмдi.
Көктемге орап жылытам,
Сан рет жуып, ескiрген мына төзiмдi.
Күндер-ай,
тағы төске оздың,
шуағына мәзбiз қос көздiң.
Мұңаюды емес,
Күлудi-дағы үйрендiк,
тұрып-тұрып босағасында бос сөздiң.
Ақыл-ой шаршар жол соғып,
Дiнiмiз – нарық,
құбыла өлдi шаң сорып.
Қалтырауықтар
Жалтырауықты мақтайды,
Жарнама даусы ұлы Көбiкке қол соғып.
Мына заманда құйынға құйын үйiршең,
Тұз ұсынады күйiнсең.
Төрге де шықпай,
босаға жақта асығып,
күндерiм отыр киiмшең.
Қоғам дегенiң көнбiстi зат қой, көне бет,
Бәрi де одан орын iздейдi керемет.
Өлеңге орын таба алмай қалсам не iстеймiн?
Жер шары,
сенiң қабырғаңа кетем шегелеп.