25.07.2022
  93


Автор: Оңайгүл Тұржан

Бос сөздер босағадан кiрiп алып...

Бос сөздер босағадан кiрiп алып,
Ақпараттар жетедi құрық алып.
Дауылына ықтырып әкетедi,
Уақыт менi
өзiмнен жұлып алып.
Уақыт сенiң үнiңмен санасқан ба,
Дал боласың
құлқынның бағы асқанда.
Шұбырынды тобырға айналасың,
Жандүниең
өзiңнен адасқанда.
Аса алмай тадырдағы бұраң өрден,
Жолдар аз ба
құдыққа құлап өлген.
Дәл солай құлай жаздап. . .
құлай жаздап,
аман қалам
жер көрiп құлан өрген.
Сол сәтте бар күшiмдi жиямын да,
Тарының қауызына сиямын да,
Ұшып бара жатамын,
елдi тастап,
Елсiздiң шабыт деген қиянында.
Сан-сапат жолдан өтем,
Ордан өтем,
Жолыма керiлген сан тордан өтем.
Шөл кезiп,
таудан асып,
теңiз кешiп,
Өзiмнiң жандүниеме зорға жетем.
Зорға жетем,
Таңды ұрттап қазыналы,
Сағынышым – жаныма азық әлi.
Зорға жетем,
жанкештi қияметпен,
Қайран өлең тек сонда жазылады.





Пікір жазу