25.07.2022
108
ҚАРА ЖОЛ
Қара жол
кең далаға жарасқаным,
еңку-еңку жерлерден әрi асқаным.
Ойда жоқта
қалаға кiрiп кетiп,
қайта шығар есiктен адасқаным.
Шыр айналдың үйлердi
Тiзбелеген,
қайта шығар есiктi iздеген ең.
Бұлақ па деп келгенiң арық екен,
Сап-сары жарнама екен. . .
күз бе деп ең.
Алдыңнан шығады екен тиын күлiп,
Көлiктер ағылады құйын қылық.
Бағаналар түр екен жарнама ұстап,
Бос сөздi қызыл-жасыл киiндiрiп.
Шығар есiк iздедiң мұң-наладан,
Менен келiп сұрадың жыр қамаған.
Мен оны қайдан бiлейiн,
қара жол-ау,
бiлсем,
мен де кетер ем бұл қаладан.