meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  25.07.2022
  119


Автор: Оңайгүл Тұржан

Жетегiне алып күндердi...

Жетегiне алып күндердi,
Тiл қатпай таңба өшедi.
Көне көз елiм
Бүл жердi,
Теңiздiң асты деседi.
Орман боп,
кейiн қураған,
Жердiң де асты алты қат.
үн-түнсiз отыр бұл далам,
Теңiздiң орнын тартып ап.
Оқ-дәрi сынды түздар да,
Таңбасы сынды көп iздiң.
Белгiсi жатыр құздарға,
Асылып өлген теңiздiң.
Мұңыңмен
мен де егiзбiн,
айта да бермей қоштас, күй.
Сол заманда өлген теңiздiң,
Көз жасы
Анау көк Каспий.
Тулайды кекке батып ол,
Жасанып жауға барсам деп.
Телмiрiп көкке жатыр ол,
Аспанды тартып алсам деп.
Жылайды шағала құсқа да,
Арманын айтып көкпең көк.
Достықтың ғұмыры қысқа да,
өлмейдi екен кеткен кек.





Пікір жазу