25.07.2022
119
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-15-22-33-12.png)
АЛТЫН АДАМ
Ғажапқа мына қарашы,
Жамылып қара мауытты,
сақтардың алтын мұрасы,
адам тұр алтын сауытты.
Саулаған алтын моншақтар,
Денеңдi жуған жас па екен?
Сыпырылып түстi мансаптар,
алтын мен күмiс тас па екен?
Бақыты шатыр жайса да,
Жалғаннан ол да өтiптi.
Алтынға тығып қойса да,
Ажал кеп алып кетiптi.
Амалың бар ма ажалға,
құдыретке бұл жетер ме ой?
алтыны емес,
оған да ,
адамы керек екен ғой.
Оқиды сенi ғалымдар,
әлiппе ашқан баладай.
Сен тұрған мына шағын зал,
қырғындар өткен даладай.
Заман тұр жетпей ақылы,
Сауыт тұр алтын,
берiспей.
қырғында өлiп батыры,
жетiм бiр қалған жеңiстей.