25.07.2022
131
АҚЫННЫҢ АҚТЫҚ КЕШI
Қауiп те, қатер де көп төте жолда,
Зұлымдықтар! Алдымнан өтедi ол да.
Тарихтың шымылдығын ашып қалсам,
Махамбет бассыз отыр екен онда.
Бодандықта тегiң де, кегiң де дау,
Қабырғаң да сол үшiн сөгiлген-ау.
Өзi бассыз болған соң ол заманға,
Басы барлар үрейлi көрiнген-ау.