25.07.2022
103
СЕЛ
Сел келеді есесi бiр қайтардай,
екiленiп, бiзге бiр сөз айтардай.
-Сабыр ет,- деп, -тоқта, - демен биiкте,
шыршалардың жағы талды айқайлай.
Әрнәрсеге жори берем өзiмше,
Шыдамның да көбесi бар сөгiлсе.
Таудағы көл –
Ол таулардың көз жасы,
қауiптi ғой тау көз жасы төгiлсе.
-Дегенмен, - деп тағы ойлаймын өзiмше,
-қала мынау, жерi де тар шегiнсе.
қара тасын селге ертiп жiберген,
бұл – таулардың қателiгi менiңше.
Сел келедi,
Ол бiр ойға бекiндi,
Түсiнбедiм. . . қайда бұрдың бетiңдi?
Сел келедi,
Домалатып тастарды,
. . .таулар бiзге тас лақтырған секiлдi.