25.07.2022
  82


Автор: Оңайгүл Тұржан

ЖАҢБЫР

Қарқ болды жаңбырға кепкен бұлақ,
Найзағайдың дауысы өктем бiрақ.
Өлiммен тең басқаға құлау деген,
Ал жаңбыр өмiр сүрер көктен құлап.
Найзағай
Аспандағы тарлан сынды,
Қорған қып жасырнады талдар шыңды.
Сай-саладан қара жол өте алмай жүр,
Шөл өзiн көлге малып алған сынды.
Бойымда сағыныштың өртi бар деп,
құйды бiр,
қорықпастан сарқылам деп.
Аянбай күндiз-түнi құйды жаңбыр,
түбi тесiк заманды толтырам деп.
Жаңбыр суы бұлақ боп таңдай қағып,
Барады ағып,
даланы маңдайға алып.
Нөсер даусын тыңдап бiр мен отырмын,
Сол нөсерден шабыт-шам жанбай қалып





Пікір жазу