25.07.2022
89
Таулар тұр тоңып өзінің қарына...
Таулар тұр тоңып өзінің қарына,
Тіршілік деген – ерегес.
өкпелімісің тау болғаныңа,
сені ойлап тапқан мен емес.
Төменде көктем,
Көсіле түсіп,
Оянды оның бақ-таңы.
Ескерткіштер тұр есіне түсіп,
Баяғы тірі шақтары.
Көктем білмейді – көктем екенін,
Өұра да бермес тұмар күн.
Өкініштің де өтпелі екенін,
Есіңе ал да жұбанғын.