25.07.2022
  228


Автор: Оңайгүл Тұржан

ТЫНЫС БЕЛГІЛЕР

Түк естіртпей долы жел аптығады,
Сөзімді қиып-қиып лақтырады.
Әріптері шашылып бытырадай,
Көп нүктемен бітеді ақтық демі.
Көп нүктенің соңынан кетіп барам,
Сұрақ белгі, тұсыңнан өтіп барам.
Маңдайыма жазылып тұрған болса,
Леп белгі, саған да жетіп барам.
Мені де жалпақ әлем ұға ма екен,
Кімге енші болады мына мекен?
Баршаны күтіп тұрған қайран Нүкте,
Қай белесте алдымнан шығар екен?





Пікір жазу