25.07.2022
112
Қалтасы қалың күледі нарық...
Қалтасы қалың күледі нарық,
Сөнердей болды жыр-ошақ.
Өлеңім тауға түнеді барып,
Түсіне ұлар ұя сап.
Сүйендім түннің босағасына,
Өлеңім күзге ат байлап.
Өлген сезімнің Қособасына,
Келе беремін жоқты ойлап.
Төгеді жапырақ жасылын жерге,
Сал күзге есік ашып бақ.
Ақ ала таңға тасыдым мен де,
Қап-қара түнді қасықтап.
Жаз ғұмырға да келеді бесін,
өкініштерім, қал жұртта.
Кетіп барады келелі көшім,
Сағыныш артып сандыққа.
Ертеңін болжап қылықты өмірдің,
Жоқ іздеп қысты жол еттім.
Жетім түйесін сынық көңілдің,
Көктемге айдап әлекпін