25.07.2022
103
ТҮН
Кереге күндер керіліп,
Жинала қалар кешкісін.
Тоқтатам деген мені ұғып,
Даусымды қайдан естісін.
Ақ дәптерде – түн қазір,
Шаммен бірге сөнемін.
Сен ояттың, жыр-мәзір,
Батқан күндей жоқ едім.
Көше даусы ырылдап,
Қара түнді талайды.
Алатауды сығымдап,
Ақ қар, көк мұз қарайды.
Түн барады таңға ауып,
Мұң қарайды кеседен.
Көңіліме қар жауып,
Мұз бола ма көсегем.
Ұзақ түнім шынында,
Таңға айналып барады.
Кеседегі мұңым да,
Қарға айналып барады.