25.07.2022
97
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-15-22-33-12.png)
Жапырақтар сұп-сұр күзгi бағында, шашылыпты...
Жапырақтар сұп-сұр күзгi бағында, шашылыпты.
Жатыр оңың, солыңда.
Жел ұйытқыса шыр көбелек ұшады,
Айналыпты түк ұқпайтын тобырға.
Құстар даусы қыстан қашып құтылды,
Көлеңкем де сұп-сұр бұлтқа жұтылды.
Сұлу едi таудың бұлты.
Ал бүгiн,
Алатаудың алжапқышы сықылды.
Түн тұратын иығына шам асып,
Шамға құмар шiркейлердiң бағы асып.
Күзден басқа жан жоқ ендi көшеде,
Аялдама адам iздеп адасып.
Қазiр бәрi керiсiнше болғандай,
Бақытыңды менсiнбейдi сормаңдай.
Бүгiнгi адам кешегiден өзгеше,
мiнездерiн терiс киiп алғандай.
Бәрi өзгердi.
Жап-жарық қып түн өзiн.
Ана тiлiң танымай қап тұр өзiн.
Бәрi өзгердi – күлкi, өлең, көлiк те,
Тек зұлымдық өзгертпедi мiнезiн.