25.07.2022
  128


Автор: Оңайгүл Тұржан

Қала мынау ерке күлкi, сан қылық...

Қала мынау ерке күлкi, сан қылық,
көлiктердiң айқай-шуын ән қылып,
ию-қию жүгiредi көшелер,
ақыл-ойын үйде ұмыт қалдырып.
Көңiл-дөнен көрiктi ойдан жұтап бар,
өлеңiмнен орын iздеп бұтақтар.
Дүкендегi сөрелерден қарайды,
Тұра-тұра iшi пысқан кiтаптар.
Iшi пысқан кiтаптар тұр нешеме,
Кейiпкерi кетiп қалған көшеге.
Көлiктерге қол көтерiп тұр, әне,
Жаяу қалған маңдайдағы пешене.
Шыңдар анау ақша қармен ұшталып,
Тiрлiк мынау жоқшылыққа ұсталып,
Сонда да. . . жол жұбанышпен қысқарып,
Өмiр-кiтап үмiтiммен тысталып.
Керуендей кетiп жатыр мақпал күн,
Баласы - бiз түсiнiксiз шақтардың.
Қанағаттың көрпесiнен үй тiгiп,
Жылынамыз аязына ақпанның.





Пікір жазу