25.07.2022
  99


Автор: Оңайгүл Тұржан

ҚҰМДА ӨСКЕН ТЕРЕК

Анау терекке қарашы,
Құмға сiңгендей бағасы.
Нәр бере алмадың бiзге деп,
Жапырақтары тастай қашқан-ау шамасы.
Шөл қысқан терек - Құм-адам,
Бұтағын созып, ажалын көктен сұраған.
Өле алмай тұр ол.
Сергелдең жанға ұқсайды,
О дүниесiн ұрлатып алып жылаған.
Жылама, терек, басса да сенi құм-аршын,
Асқан ерлiктiң белгiсi сынды тұрарсың.
Құмда өсiп нең бар дей алман,
Орман етсем деп
тәуекел қылған шығарсың.
“Ел қондырсам” деп Махамбет,
Азаттық өмiр сүруi керек жаhан деп,
Тап осы жерде олар да жүрген түн қатып,
Бостандық таңы атар деп.
Сен шығар, бәлкiм, сол ерлiктердiң жалғасы.
Көктем келiп тұр.
Көктем дегенiң жол басы.
Батырлар басын кессе де
тастап кетпеген екен бұл жердi,
Сен де ендi, терек,
Орманға кетiп қалмашы.





Пікір жазу