25.07.2022
  98


Автор: Оңайгүл Тұржан

ӨЛЕ-ӨЛЕ ТIРIЛЕРСIҢ, САҒЫНЫШ

Аяз киiп келе жатты алдан қар,
Жылы жаққа ұшып кеттi тоңғандар.
Ызғар желдiң соққандығын сылтау ғып,
Жапырағын қуып шықты ормандар.
Наурыз келер жасыңызға жас қосып.
Асау өзен таудан құлар тасты осып,
Дауыл соғар көтерiлiске шыққандай,
Барлық құйын бас қосып.
Жаңбыр келер,
мiнiп алып ашуға,
Құйындардың көтерiлiсiн басуға.
Шабыт келер шаттыққа орап менi де,
Өлең тұрар ернеуiнен тасуға.
Қыс та бiтер, қарды қармен жамаған,
Мiнезiне мiнез қосар заманам.
Өле-өле тiрiлерсiң, сағыныш,
Сені күндер сүрте алмайды санадан.





Пікір жазу