24.07.2022
  94


Автор: Рахат Қосбармақ

ШӨЛ

Ару-Күн тағы арайын төгіп үлгеріп,
Ақша қар-сезім ағып та кетті су болып.
Асфальт жолдарын Алматы деген шаһардың
Ақкөңіл арық, аямай енді жу келіп!
Қыртысын жазып, құрсауын сөгіп Қысыңның,
Қиыр көгіме қырандарыңды ұшырғын.
Қылшылдап тұрған, қылпыған қылыш-Ашу да
Қынабын қайта құшатындығын түсіндім.
Тершітші бүгін дүниенің тақыс маңдайын,
Тегістей гүлге оранып жатсын шалғайым.
Тағы бір жушы,
Сезімім жүр ғой сенделіп,
Тазалық деген кәусарға шөлдеп таңдайым...





Пікір жазу