24.07.2022
  151


Автор: Рахат Қосбармақ

ТАЛАНТҚА ТАҒЗЫМ

Еһ, арысым!..
Ерте сынған еменім,
«Бұтақтарың биік болсын» деп едім...
Саған деген жан сырымды жырыммен
Жеткізе алмай келемін.
Осыншама сезім сыйған өлеңге,
Мұндай дарын екі дүниеде өлер ме?!
Сенбеймін мен –
Сорғалаған сол жырды
«Қалам жазды» дегенге!
Маңдайынан ақыл қоздап келелі,
Таңдайынан тамып тұрған өлеңі,
Алау-көңіл, жалау-жүрек ақыным,
Қаныңменен жаздың, рас, сен оны!
Ай-Күн қалғып алдыңда, алтын айдарлым,
Кең кеудеңе Жұлдыз басын қойған мың.
Ақкөкірек дарын берген өзіңдей
Атыраудың топырағынан айналдым!
Таң келеді, самал іздеп, саз аңсап,
Көңіліңнің көмбелерін қазар шақ ...
«Арман не, дос, біз де таң боп ата алсақ»,
Арман не, аға, біз де сендей жаза алсақ!..





Пікір жазу