24.07.2022
79
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-23-13-20-57.png)
Он сегіз күн болды ғой сен кеткелі...
Он сегіз күн болды ғой сен кеткелі,
Көңілді қайғы-бесік тербеткелі.
Түңілдім түрме сынды бұл өмірден,
Жанымды жас пенен мұң өрнектеді.
Жүректен өшір мені – өшіре алсаң,
«Есек» деп еске аларсың – есіңе алсаң.
Қайтейін, қатемді мен кеш түсіндім,
Кеш мені – егер, жаным, кешіре алсаң!
Ұшырдым ақырғы рет жыр-құсымды,
Түсінсең түсінерсің түнгі сырды.
Өзіме-өзім бірақ өмір-бақи
Кешпеспін жасаған сол қылмысымды!
ҚОШ!..