24.07.2022
113
ҮЗІК СЫР
Үздігерсің, үні өктем, озған құрбым,
Үлгермей салып үзілген түймеңді де;
Әйелімнен жасырып жазған жырдың
Әсеріне елтіген күймен күле;
Ырқыңнан айрылып, бір сәт тосыларсың,
Ыстық жанның шыдамай қуатына ұрған.
Сен сонда шошынарсың –
Сезімдердің мендегі сұрапылынан.
Тебірентіп жаныңды құса мына,
Тереңірек күрсініп, сұрақ беріп;
Құларсың сосын менің құшағыма,
Ессіз күйде еңіреп жылап келіп..