24.07.2022
  90


Автор: Рахат Қосбармақ

Сен бүгін келіп кеттің –

Сен бүгін келіп кеттің –
Омырауымды жалынға көміп кеттің.
Осыған дейін «Сен мені ұмытты» деп,
Өзіме-өзім өтірік сеніп кеппін.
Сен бүгін шырқадың ән –
Қанып ішіп сезімнің бұрқағынан.
Іздегенімді тапқандай мен отырдым,
Көз ала алмай көңілдің іңкәрінан.
(Сен ән салсаң, жұлдыздан нұр тағынам).
Сен маған көз тастадың,
Жарқ еткізіп жанардың алдаспанын.
Көзбен ғана ұрлана ұғыстық біз,
Қажетсінбей шұбырған сөз дастанын.
Көз тастадың...
Сол шығар қоштасқаның.
Сен бүгін келіп кеттің –
Күңіренген күйімді көріп кеттің.
Ұмытылған өткен күн елестерін
Ұсынған қолдарыңмен
Ұстатып беріп кеттің...
...Сен бүгін келіп кеттің...





Пікір жазу