meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.07.2022
  218


Автор: Рахат Қосбармақ

ҚЫЗҒАНЫШ

Сүйемін сені, жарығым,
Жүректе барлық отпенен.
Күзеткен көңіл қорығын
Қызғаншақтықты жек көрем.
Жек көрем ондай мінезді,
Қызғаныш деген не керек?!.
...Қызық-ау енді бұл өзі:
Қызғанам сені керемет.





Пікір жазу