24.07.2022
169
ШАТТЫҚ
Табыстық қайта!
Тағдырым неткен тамаша!
Асқақпын бүгін –
Асқар таулар да аласа.
Көкірегімдегі көрінбейтұғын күшпенен
Көк аспанды да көтеріп кетем, қаласа.
Табыстық бүгін –
Тарыққан күндер қалды енді,
Тәкаппар таулар,
Алдыма таста ақша қар атты сәлдеңді.
Кеудеме келген керемет сырлы сезіммен
Көтеріп кетем барша дүниені, бар жерді!
Көтеріп кетем көгілдір мынау әлемді!