24.07.2022
  92


Автор: Рахат Қосбармақ

МАХАББАТЫМ

Сағыныш сазы,
Гүлімнің назы
Болып жас жүрек үн қатты.
Жан гүлім менің,
Таң гүлім менің,
Сағындым сені тым қатты.
Арманым, саған
Арнадым тағы ән,
Жүректі тербеп бір сазды үн.
Ақ махаббатым,
Жүректе атың,
Өзіңе арнап жыр жаздым.
Самал жел салқын,
Сәулеме жарқын
Жеткізші арман-әнімді.
Сыңғырлы қыз-үн,
Аяулы жүзің
Аңсатты ақын жанымды.
Күлімдеп күндей,
Алқызыл гүлдей
Қызғалдағым-ау, кел маған.
Шын махаббатты,
Осынау атты
Сен едің тұңғыш сыйлаған..





Пікір жазу